Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

31 наурыз 2024 20:54 / Новости Казахстана

Атырау облысынлағы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын су кіру қаупі туындады. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау үшін Миялы ауылындағы Ы.Шөреков атындағы орта мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайын тұр.

«Тұрғындардан аудан әкімдігі, «Арман» мәдениет үйі мен «Жаңа арна» мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, I, II, III- топтағы мүгедектер көшіріледі», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Серіктес жаңалықтары