Атырауда жоғалған қыз иесіз сарайдан табылды

17 қараша 2023 17:10 / Новости Казахстана

Атырауда үш күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы қызды құтқарушылар қараусыз қалған сарайдан аман-есен тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

2023 жылғы бойжеткен 14 қарашада түнгі сағат 21:50-де үйінен шығып кеткен.

«Туыстары кеше, 16 қарашада төтенше жағдайлар департаментіне бойжеткеннің жоғалғаны туралы хабарлады. Департамент қызметкерелері мен кинологтар Жайық жағалауынан, далалық жерден іздестіру жүргізді. Ақыры жоғалған қыз «Жұмыскер» шағын ауданындағы қараусыз қалған сарайдан аман-есен табылды», - деп хабарлады.

Қыздың хабар-ошарсыз кету себебі анықталып жатыр. Іздестіру жұмысына департаменттің 5 қызметкері, 1кинологиялық топ, 1 техника тартылған.

 

Серіктес жаңалықтары