Ауғанстанға 27 вагон гуманитарлық жүк жөнелтілді
16 қазан 2023 23:50 / Новости Казахстана
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына ҚР Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.
27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді.
Тиеу жұмыстарын ҚР ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.
21 қыркүйек 2024 16:03 / Новости Казахстана
Мектептерде білім беру сапасы тексеріледі
21 қыркүйек 2024 15:59 / Новости Казахстана
Көкпар федерациясы Қырғызстанның шақыртуына жауап берді
21 қыркүйек 2024 15:57 / Новости Казахстана
718 компания 12 мың жұмыскерге зейнетақы жарнасын аудармаған
21 қыркүйек 2024 15:09 / Новости Казахстана
Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды
21 қыркүйек 2024 15:04 / Новости Казахстана
Тарихшы-ғалымдардан құралған экспедиция көне Таразға жетті
21 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана