Ауруханаға басып кіріп, дәрігерлерге «тапанша» кезеген

24 қазан 2023 9:10 / Новости Казахстана

СҚО балалар ауруханасына жасөспірімдер баса-көктеп кіріп, науқасты ұрып, дәрігерге «тапанша» кезеп сес көрсеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аурухана директорының айтуынша, түске таман 17-18 жастағы үш бозбала күзетшілерді елең қылмай боқтап, екінші қабатқа көтеріліп, емделіп жатқан15 жастағы дос қызды дәлізге шығарып ұрған, қыздың балдағымен араша түскен невропатологтың ішінен ұрып, тапаншамен қорқытып, төменге түсіп, есіктің әйнегін сындырып, қолын кесіп, айнала қан болған. Науқас балалар қатты шошыған. Онымен қоймай, екінші есікті де сындырып, тапаншамен сес көрсетіп қашып кеткен.

Оқиға орнына полиция келіп, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

- Бұл біздің ауруханадағы төртінші оқиға. Бірақ бірінші рет тапанша кезеп, қыз бен дәрігерімізді ұрып кетті. Полицияға арыз жаздық.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты ақпарат таратты. Қызметкерлер кәмелетке толмаған 17 жастағы баланы анықтап, ұстады, оның сөмкесінен ойыншық тапанша табылып, тәркіленді.

Аталған факт "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары