Автокөлік жолда 15 қойды қағып кетті

15 қазан 2023 21:00 / Новости Казахстана

Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының бойында 15 қойды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысы ПД жанындағы патруль полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов:

– Таңғы сағат алты шамасында  Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында Toyota Ipsum 15 қойды қағып кетті. Шопан қойларын тас жолды мал өтуге арналмаған тұсынан қиып өткізбек болғаны. Мал иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды. Көлік Toyota Миялы ауылынан Атырау қаласына бағыт алған екен. Оған Миялы ауылынан шығар кезде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патруль полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелін қатаң сақтау қажеттігін ескерткен. Бірақ ол полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, жол-көлік апатына себепші болған.

Автор
Серіктес жаңалықтары