Аязда ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды

3 наурыз 2024 2:50 / Новости Казахстана

Қостанайдың 68 жастағы тұрғынының денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер әйел 29-ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.

Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған.

Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Аталағн факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары