Балалар құқығын қорғайтын комитет жолдағы қауіпсіздікке жаңа ереже бекітті

17 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
ФОТО: pixabay.com

Елімізде ұзақ жолға шығатын балалар тобын көлікпен тасымалдау кезінде медицина қызметкері еріп жүруге міндетті. Балалар құқығын қорғайтын комитет жолдағы қауіпсіздікке осындай жаңа ереже бекітіп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Былтырдан бері тек Ақтөбе облысының өзінде оқушылардың тасымалына қатысты екі қайғылы оқиға тіркелген-ді, деп жазады КТК телеарнасы.

Тоғыз ай бұрын пәндік олимпиадаға қатысу үшін ауылдан Ырғыз ауданы орталығына балаларды апармақ болған машина жүк көлігімен соғысты. Ол кезде екі оқушы мен бір мұғалім қаза тауып, үш бала жарақат алды.

Ал биыл тамызда Маңғыстау өңірінде өтетін футбол турниріне қатысуға бара жатқан жасөспірімдер мінген көлік апатқа ұшырады. 11 жасар бес бала сол жерде мерт болды.

Енді осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін ережеде тасымалдау тәртібін толық тізіп шыққан. Бір топ баланы жарыс, не қандай да бір шараға алып шыққанда жол ұзақтығы төрт сағаттан аспауы керек.

Полицияның патруль көлігі бөлініп, жеткіншектердің қасына мейірбике қосуы керек. Оқушыларды көлікпен таңғы алтыдан түнгі сағат он аралығында ғана алып жүруге болады және жүргізушінің жасы мен тәжірибесі маңызды.

Әрі соңғы бір жылда жол ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылмаған болуы шарт. Жаңа ереже еліміздегі барлық білім басқармасына жолданып, мектеп басшыларына түсіндіріліп жатыр.

Гүлдана Бакиева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

— Мектеп директорларына басты түсіндіру жүргізілді, осы оқу жылы қарсаңында. Білім басқармасының міндетті түрде апарат кеңесінде балалар қауіпсіздігі мәселесі міндетті түрде қаралады. Біздің енді енгізілген, өзіміздің басқарма тарапынан енгізген бұл алгаритм 349-ға сәйкестендірілген. Өзіміз алгаритм жасадық, облыстың балалар тасымалына байланысты.

 

Серіктес жаңалықтары