Балалардың денсаулық паспорты ауыстырылады

27 шілде 2024 9:34 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Елде баланың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауыстырылады. Бұл құжатты баласы мектепке не балабақшаға баратын ата-аналар міндетті түрде толтырып, тапсыруы тиіс. Онлайн жүйеге медициналық мәліметтер енгізіледі. Цифрлы жобаның тағы қандай артықшылығы бар? Баланың электронды денсаулық паспорты ата-ананы ең алдымен қағазбастылықтан арылтады. Онлайн жүйеде профилактикалық екпелер мен скринингтердің қорытындысы жазылады. Қазір дәрігерлер білім беру ұйымдарына баратын балалардың құжатын толтырып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

- Мектепке немесе балабақшаға баратын баланың денсаулық құжаты онлайн түрде дайын болады. Оған барлық медициналық мәлімет енгізіледі. Сондықтан бұл өте ыңғайлы жүйе деп санаймыз, - дейді қалалық емхананың медбикесі Людмила Зелинская.

Бұл медициналық деректердің жоғалып кетпеуіне де мүмкіндік береді, - дейді дәрігерлер.

- Бұл форма негізі 18 жасқа дейінгі балалардың барлығына беріледі. Соған орай ата-аналарды балаларыңыздың уақытылы профбайқаулар мен профилактикалық екпелерді уақытылы өтулерін сұраймыз. Өйткені барлық ақпараттар сол 52/2 формасына толық енгізіледі - дейді қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Әбіл.

Денсаулық паспортын цирфландыру жобасы тамыз айында толық іске қосылады. Биыл оны еліміз бойынша мектепке баратын 380 мың бала тапсырады.

Серіктес жаңалықтары