Бензин мен дизель өндірісі теңесті

25 қаңтар 2024 17:03 / Новости Казахстана

2023 жылы елімізде бензин импорты азайып, дизель импорты 2,5 есе өскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«2023 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында елде 4,8 млн тонна бензин өндірілген. Оның ішінде авиация бензині де бар. Импорт 5 есеге жуық азайған — 9,2 мың литр ғана. Өндірілген бензиннің бәрі ішкі нарыққа сатылған. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 7,2% артық. Бұл жерде мемлекет жанармай экспортына қайта-қайта шектеу қойып келе жатқанын еске саламыз», — деп жазады Energyprom.kz.

2023 жылдың 11 айында елде 4,9 млн литр дизель өндіріліпті.

«Бұл — ішкі нарықта сатып алынған дизельдің 92,9% деген сөз. Қалған 7,1% — импортқа тиесілі. Яғни, 378,8 млн литр дизель сырттан әкелінген. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 2,5 есе көп», — деп жазылған сараптамада.

Серіктес жаңалықтары