Бірінші ауысымдағы Астана оқушылары қашықтан оқиды

11 желтоқсан 2023 7:00 / Новости Казахстана

11 желтоқсан күні Астана қаласының бірінші ауысымда білім алып жүрген оқушылары сабақты қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп мәлімде елордалық білім басқармасынан.

Айта кетейік, 11 желтоқсан, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланған болатын.

Синоптиктер Астана қаласында ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді деп болжады. 

Серіктес жаңалықтары