Бишімбаев ісі: Айыптылар сот алдындағы соңғы сөзін айтады

4 мамыр 2024 15:42 / Новости Казахстана

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс мәресіне жетіп қалды. Бұл туралы ҚР Жоғағры Соттан хабарлайды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Бүгін сот жарыссөзінде айыптылар сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқа билердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады», - делінген хабарламада.

2024 жылғы 6 мамырда, сағат 10:00-де айыптылар сот алдында соңғы сөзін айтады.

Бүгін түскен дейін жарыссөзде екінші күдікті Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтқан еді.

Кеше Қуандық Бишімбаевты қорғаушылары ақтауға тырысқан еді.

Серіктес жаңалықтары