Бишімбаев ісі: СІМ Собчак пен Грейс туралы пікір білдірді

29 сәуір 2024 23:48 / Новости Казахстана

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейстің Қазақстандағы сот отырысына қатысуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Олардың екеуі де аккредитация үшін бізге жүгінген жоқ. Сот отырысына ресейлік медиа өкілдердің нақты кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен анықтап біле аласыздар», - деді Айбек Смадияров, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деп айыпталды және аты шулы сот талқылауы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары