Бишімбаев ісі: Судья үкім шығаруға дайындалып жатыр

13 мамыр 2024 11:41 / Новости Казахстана

Судья Айжан Құлбаева айыпталушылар – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімнің қарар бөлігіне кірісе бастады. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кірді», - деді соттың баспасөз қызметі.

Басқа мәліметтер белгісіз. Судьяның кеңесу бөлмесіне кіргеніне қарағанда алқабилер дауыс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берген болуы мүмкін.

Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақты оқып бергенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары