Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға жазған хаты қалай таралып кетті

12 желтоқсан 2023 12:00 / Новости Казахстана

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты журналистердің сауалына жауап берді.

″Желіде қаза тапқан Салтанат Нүкенова мен қамауға алынған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы хат алмасуының скриншоты пайда болды. Бұл ақпараттың таралып кетуін қалай түсіндіресіз?" деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Осыған дейін айтылғандай, күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Барлық дәлелді база қолда бар. Сондықтан да оның қорытындысы бойынша істі сотқа жолдаймыз", - деді министр.

Ержан Саденов жоғарыда аталған скриншотты көрмегенін де атап өтті.

Ол аталған қылмыстық істі тергеудің қашан аяқталатыны белгісіз екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары