Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр

13 қазан 2023 15:03 / Новости Казахстана

Бішкекте Қазақстан президентінің қатысуымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан президенті Қасым-жомар Тоқаевты Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды", - деп жазды Ақорда желідегі ресми парақшасында.

Достастыққа мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту және нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданады. 

Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та саммитке барды. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммитке қатыса алмайды.

Бұл туралы 10 қазан күні Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлескенде айтылды.

Автор
Серіктес жаңалықтары