Биыл астық шығымы аз

25 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана

Биыл жиналған астық көлемі біршама аз болса да, экспортталып жатқан мемлекеттермен байланысты сақтап қаламыз, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Министр астық экспорты бойынша дәстүрлі нарықтарды сақтап қалу мүмкіндігі туралы былай деді: 

Биыл астық шығымына қатысты қиындау болды. Былтыр қамбаға 22 млн тонна түссе, биыл 16,5 млн тонна шамасында бастырылды. Бұл ретте, 6 млн тонна кем жиналды. Жалпы, астық өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Бірақ экспортқа шығарылатын астық көлемі азаяды, яғни 5 млн тоннадан артық болмайды деп ойлаймыз..

Оның айтуынша, Қазақстан астығы дәстүрлі түрде экспортталып жатқан мемлекеттермен өзара байланысты сақтап қалуға тырысып жатыр.

«Биыл олардың арасында кейбір елдер астықты Ресейден алуы мүмкін. Келер жылы біздің тұрақты экспорт нарығымызды толықтай қамтимыз деп санаймын», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары