Биылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу аяқталды

23 мамыр 2024 22:24 / Новости Казахстана

2024 жылғы ҰБТ-ға 186 мыңға жуық талапкерден екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мыңға жуық өтініш қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы — қазақ тілінде, 25% -ы — орыс тілінде, 229 адам — ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі.

Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Талапкерлер тестілеуге өтініш беру барысында екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі.

Түлектердің 16%-ы — «Математика-Физика», 16%-ы — «Биология-Химия», 13%-ы — «Шығармашылық», 11%-ы — «Математика-Информатика» пәндерін таңдады.

Қалған талапкерлер колледжден кейінгі қысқартылған оқу түрін таңдады.

Серіктес жаңалықтары