«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға алаяқтар туралы ескерту жасалды

22 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
Фото: freepik

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» стипендиаттар, «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады. Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Алаяқтар Халықаралық бағдарламалар орталығының атынан хабарласып, SMS арқылы келген тексеру кодтарын немесе ақшалай қаражат жіберуді сұрайды. Халықаралық бағдарламалар орталығы ешқашан тексеру кодтарын сұрамайды және ақшалай қаражат талап етпейді. Барлық ресми ақпарат біздің ресми байланыс арналары немесе кураторлар арқылы ғана жіберіледі. Сақ болыңыздар! Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеңіздер. Осындай жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгініңіздер», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары