Болат Назарбаев ауруханаға түсті

4 қараша 2023 20:06 / Новости Казахстана

Болат Назарбаев Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ақпаратты Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметі растады.

«Науқас Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр. Болат Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратты тек оның туғандарының келісімін алған соң хабарлай аламыз. Қазақстан заңдарына сәйкес, ауруханада емделушілердің жеке басына және денсаулығына қатысты мәліметті тек науқастың жақындарының рұқсатымен жариялауға құқылымыз», - деп атап өтті ауруханадан.

Серіктес жаңалықтары