Боранда қалған 55 жолаушы құтқарылды

31 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Қарағанды облысында боран соғып тұрғанына екі тәулік болды. Полицейлер құтқарушылармен, еріктілермен және атқарушы органдармен бірге боранда жолда қалып қойған адамдарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өкінішке қарай отандастарымыз ауа райына байланысты ескертулерге қарамастан көршілес өңірлерге қонаққа барған, кейбірі жұмыстан келе жатты. Абай ауданында «Қызылорда-Павлдар» автожолының 788-908 шақырымында, Топар ауылы маңынан 55 жолаушысы бар автобус жеткізілді. Жолаушылар жергілікті мешіттерге орналастырылып, жылы жерде отыр, азық-түлікпен қамтамасыз етілді»,-делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері мүмкіндігінше көліктерді жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіп жатыр.

Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына алыс сапарға шығудан бас тартып, елді мекендерден алыс кетпеуге шақырамыз. Сондай-ақ ауа райына және көліктердің қозғалысына байланысты ескертулерді назарда ұстаған абзал.

Көлік бұзылып, көмек қажет болған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалып, немесе ішкі істер органдарына жергілікті өкілдіктеріне хабарласу керек.

Серіктес жаңалықтары