Бүгін бірқатар қалада оқушылар сабақты қашықтан оқиды

16 ақпан 2024 8:32 / Новости Казахстана

Еліміздің бірқатар аймағында бүгін, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды. Астана, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қаласының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды , - деп хабарлайды Arbat.media.

«16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада.

Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды.

Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары