Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго дуэтінің тұсаукесері өтеді

19 қаңтар 2024 3:17 / Новости Казахстана

19 қаңтар күні әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго мен қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергеннің бірлесіп шырқаған композициясының тұсаукесері өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«Ертең ХХ ғасырдың айтқысыз дауыс иесі Пласидо Домингомен бірлескен өнеріміздің тұсаукесері өтеді, біз Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсынан дуэт орындадық», - деп жазды Д.Құдайберген.

Димаштың Еуразиялық фан-клубының жарияланған мәліметке сүйенсек, қос жұлдыз дуэтінің тұсаукесері 19 қаңтар күні Будапештте Virtuosos V4+ халықаралық жобасының финалы барысында өтпек. Ақтық кезеңнің екінші бөлігі 26 қаңтарға жоспарланған. Балалар арасындағы классикалық музыка бәсекесі жобаның YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

Пласидо Доминго бұл байқауда – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Төрешілер қатарында, сондай-ақ Эрика Миклоша (Мажарстанның опера әншісі) және Андраш Келлер (мажарстандық скрипкашы, Келлер квартетінің негізін қалаушы) бар және бұл құрамға биыл алғаш рет қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қосылып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары