Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың чемпионы атанды
12 ақпан 2024 9:00 / Новости Казахстана
Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 538-орында тұрған америкалық Алекс Рыбаковпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Д.Попко 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте америкалық теннисші 2:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Дмитрий Попко қатарынан алты геймді өз есебіне жазды – 6:2.
Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
18 қыркүйек 2024 17:00 / Новости Казахстана
Ақмола облысында есепші ірі көлемде қаржы жымқырған
18 қыркүйек 2024 15:23 / Новости Казахстана
Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді
18 қыркүйек 2024 14:34 / Новости Казахстана
7 сынып оқушысы А.Байтұрсынұлы туралы мобильді қосымша жасап шығарды
18 қыркүйек 2024 14:00 / Новости Казахстана
Биыл 583 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды
18 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жетті
18 қыркүйек 2024 12:00 / Новости Казахстана