Екібастұзда жылына миллион тонна болат өндіретін зауыт салынады

4 қараша 2024 17:00 / Новости Казахстана
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Railways Systems KZ» компаниясы Екібастұзда жаңа буынды электрометаллургиялық зауыт салуға ниетті. Құрылысы 208 млрд теңгеге бағаланатын кәсіпорын ашылса, жаңадан 1000 жұмыс орны пайда болады. Кеншілер қаласының индустриялық аймағында жылына 1 млн тонна жоғары технологиялық болат өндіретін жаңа зауыт салынады деп күтіліп отыр. «Railways Systems KZ» компаниясы бұл жобаға 208 млрд теңге қаражат құймақ ниетте, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жоба біздің өңір үшін жоғары шекті кластерлерді құруға бағытталған басымдықтардың бірі болмақ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жоғары технологиялық кәсіпорын Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтеді. Зауыттың әу бастан жоғары экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып жобалануы маңызды болып отыр,- деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Металлургия зауытының ашылуы 2028 жылға жоспарланған. Металлургия өнімдерінің 40%-ға дейінгі көлемін ТМД және Еуроодақ елдеріне экспорттау көзделіп отыр. Жоба электрометаллургия саласындағы ірі еуропалық инжинирингтік компаниямен бірлесіп іске асырылады. Озық технологиялардың көмегімен балқыту және легирлеу процесі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда 20-50%-ға дейін жеделдетіледі. Осының арқасында энергия қуатын тұтыну жартылай азаяды.

Аталған жоба бойынша Павлодар облысының әкімдігі мен «Railways Systems KZ» ЖШС компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

Серіктес жаңалықтары