Екібастұздың біраз бөлігінде жылу батареялары суып кетті

14 қаңтар 2024 17:45 / Новости Казахстана

Екібастұздың көпқабатты үйлерінің біраз бөлігінде таңертеңнен жылу параметрлері төмендеген. Бұл жағдай магистралдегі жөндеу жұмыстарына байланысты болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаланың оңтүстік бөлігіндегі көшелер, сондай-ақ Шәкәрім, Әуезов, Дүйсембаев, Шашкин, Сәтбаев көшелерінің тұрғындары жылу батареялары таңертеңнен салқындап кеткеніне алаңдаулы. Кейбір көпқабатты баспаналарда ыстық су жоқ. Жұртшылық жылу-электр орталығында тағы бір жағдай болып қалды екен деп үрейленді.

«Екібастұз жылу-энерго» ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, №5 жылу магистраліндегі бекіту арматурасын монтаждау үшін бүгін сағат 8.00 мен 12.00 аралығында кейбір аумақтарда параметрлер төмендеген. 

«Бұл Южный 14, Южный 15, Южный 11 көшелерінде орналасқан үйлердің жылу сапасын көтеру үшін жасалып жатқан іс-шара. Жұмыстар аяқталды, жақын уақытта үйлер жылуға толық қол жеткізеді. ЖЭО штаттық режімде жұмыс істеп тұр. 6 агрегат іс үстінде. Стансадан шығатын жылудың температурасы - 90 градус, айналып келетін ыстық судың қызуы 63 градус», - деп хабарлады жылу орталығы.

Серіктес жаңалықтары