Елімізде IT пәнінің мұғалімдері даярланады

13 қыркүйек 2023 12:04 / Новости Казахстана

Елімізде желтоқсан айынан бастап IT пәнінің мұғалімдерін даярлай бастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. 

IT кәсібін игергісі келетін қазақстандықтарға TechOrda бағдарламасы аясында жеке озық IT мектептерде ваучерлік жүйе негізінде білім алу қарастырылған. Азаматтар өзінің біліктілігін жетілдіре алады. Қазір 2000 адам IT саласын игерді, 450 мың теңге болатын жұмысқа орналаса алады. 
Бұл трендті жалғастыру үшін желтоқсан айынан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту тетігі енгізіледі. Оқу сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін ІТ факультеттерге тиісті сапа стандарттарын енгізуді бастадық. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы IT факультеттеріне аудит жүргіземіз. Жергілікті әкімдіктер өңірлерде IT жобалау мектептерін қолдап, бизнеспен тығыз жұмыс жүргізуі керек.
Автор
Серіктес жаңалықтары