Еліміздің 6 облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

7 сәуір 2024 9:04 / Новости Казахстана

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қай өңірлерде жолдарды тасқын су басқанын және қандай жолдардың бөлігінде қозғалыс шектелгенін мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4 111 метр болатын су тасқыны болды», - делінген хабарламада.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары