Елордада пәтерден өрт шығып, 38 адам эвакуацияланды

2 наурыз 2024 19:49 / Новости Казахстана

Бүгін сағат 18:38-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтердегі өртке шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан айналаға қою түтін тарап, өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның 15-і бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала бар.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 30 метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19-29-да сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары