Елордалық еріктілер мереке иелеріне қызғалдақ сыйлап жүр

8 наурыз 2024 7:00 / Новости Казахстана

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүл мен шоколадпен қуантып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаланың тығыз қоныстанған жерлеріне жиналған еріктілер жолда өтіп бара жатқан қыз-келіншектерге қызғалдақ гүлі мен тәттілерді таратып жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі.

«Мақсатымыз – мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ханымдарға бақыт, денсаулық, амандық тілеймін», дейді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Мереке иелері өз кезегінде көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден мерекелік көңіл-күй үстеді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!», деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан астам гүл мен шоколад тарту етеді.

Серіктес жаңалықтары