Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды

8 мамыр 2024 23:28 / Новости Казахстана

Қазақстанның ең жас автошабандозы Анатолий Кин жол апаты салдарынан көз жұмды. Ол небәрі 16 жаста болған, - деп хабарлайды Arbat.media

Қаралы хабарды STK Sokol автодромының өкілдері хабарлады.

«Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тас жолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі сөзсіз ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар автошабандоз болып мәңгіге қала бересің», делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары