Газа секторы: Қазақстандықтар елге Каирден ұшақпен жеткізіледі

13 қараша 2023 20:56 / Новости Казахстана

Газа секторынан шығарылған Қазақстан азаматтары Каирден бір ұшақпен жеткізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Газа секторында 76 азаматымыз бар. Олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда — 161 адам. Бірақ цифр өзгеріп тұрады. Бұл тізімдегі кейбір адам эвакуация критерийіне кірмейді. Айталық, бізге еш қатысы жоқ Палестина азаматы тізімде бар болып шықты. Оны Израильдің де, Газа секторының да, Мысырдың да билігі тексереді. Сондықтан бюрократиялық, дипломатиялық жағдай болып тұр. Мұның үстіне Каирден Рафакқа дейін жету де біраз уақытты алады. Көптеген блокпостар бар, олар өткен барлық көлікті тексереді», — деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, отандастарымыз Каирға жеткізілгеннен кейін оларды ұшақпен Қазақстанға әкелу жоспарланған.

«Бірақ әзірге Газа секторынан 44 адамды ғана шығарамыз. Каирдан жеткізудің басқа да жолдарын қарастырамыз. Газа секторында қалып қойған қалған адамдардың шығарылуын күтіп, бәрін бір ұшақпен алып келеміз. Болмаса бөлек-бөлек елге жеткіземіз. Бұл маңызды емес. Біздің басты міндетіміз — азаматтарымызды Газа секторынан шығару», — деді СІМ өкілі.

Бүгін Қазақстан Газа секторындағы азаматтарын эвакуациялау процесін бастағанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары