Іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды

20 қазан 2023 11:05 / Новости Казахстана

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың шілде айында іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Петропавл тұрғынының өлі күйінде табылғанын еріктілер айтты.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ведомствоның сауалына қыркүйек айында Қызылжар ауданы Вишневки ауылынан төрт шақырымдай жердегі егістік алқапта жергілікті тұрғын шөп шабу кезінде адамның қаңқа қалдықтарын тауып алғаны туралы жауап берген.

«Сараптама қорытындысы бойынша табылған мәйіт 2023 жылдың 27 шілдесінде үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 44 жастағы Петропавл тұрғынына тиесілі».

Осы уақыт бойы ер адам іздеуде болды. Оны полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар іздестірген.

Автор
Серіктес жаңалықтары