Каспий құбыр консорциумы табысты жұмыс істеп тұр

9 қараша 2023 20:06 / Новости Казахстана

Каспий құбыр консорциумы табысты жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақордада Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мұнан бөлек біз энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысын талқыладық. Ресей газын оңтүстік бағытқа жеткізу жобаларын одан ары дамыту, сонымен қатар Қазақстан арқылы ресейлік газды Қытайға тасымалдау көлемін арттыру маңызды саналады. Біздер Каспий құбыр консорциумының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңыздылығын атап өттік. Осы орайда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге ризашылығымды білдірдім. Басқаша айтар болсақ, КҚК табысты жұмыс істеп тұр», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей тарапы өзара тиімді өндірістік кооперацияның келешегін тыңғылықты қарастырғанын атап өтті. Бүгінде бірлескен жобалар пулының 143-ке жеткенін, инвестицияның жалпы көлемі 33 млрд доллардан асып түсетіндігін айтты.

«Үкіметтерге оларды сапалы жүзеге асыр үшін жүйелі жұмысты жолға қою тапсырылды», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары