Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы бір қондырғының жұмысын тоқтатты

25 сәуір 2024 20:43 / Новости Казахстана

Каспий құбыр консорциумының Қара теңіз жағалауында орналасқан терминалында бір қондырғының жұмысы тоқтап тұр. Бұл туралы бүгін консорциумның баспасөз қызметі хабарлады. Теңіз терминалындағы ВПУ-2 қондырғысының жұмысын тоқтатуға жоспарлы жөндеу себеп болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі уақытта жер үсті және су астындағы шлангілерді ауыстыру мақсатындағы жоспарлы жұмыстарға байланысты ВПУ-2 пайдаланудан шығарылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осындай іс-шара ВПУ-1 қондырғысында да жүргізілетін болады», - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 2024 жылдың басынан бері Қара теңіз айлағындағы терминалда 192 танкерге 21,1 миллион тонна мұнай тиелген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Каспий құбыр консорциумының магистральдық құбырымен мұнай тасымалы тоқтатылғанын жазған едік.

Кейін Каспий мұнай консорциумы Қазақстан мұнайын жөнелтуді қайта бастады.

Серіктес жаңалықтары