Көкшетауда сүндеттелген бала қайтыс болған

14 ақпан 2024 13:29 / Новости Казахстана

Денсаулық сақтау министрлігі Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың ісі қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«2024 жылдың 5 ақпанында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласы полиция басқармасынан хабар түсті. Ол хабарда Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында кәмелетке толмаған баланың сүндеттелгеннен кейін кенет қайтыс болғаны айтылған» делінген хабарламада.

Аталмыш оқиғаның негізінде сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша аталмыш департамент жоспардан тыс тексеру бастамақ.

«Тексеру қорытындысы бойынша заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады», — дейді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары