Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

9 шілде 2024 13:50 / Новости Казахстана

Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 33 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген азаматты ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Ақмола облысының Полиция департаменті аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», делінген ведомство ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары