Көлік министрі әуежайда кешіккен ұшақ жолаушыларымен кездесті

31 желтоқсан 2023 11:00 / Новости Казахстана

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев кешіккен рейстердің жолаушыларымен кездесу үшін Астанадағы халықаралық әуежайына барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Толыққанды ақпарат әзірге белгісіз, бірақ желіде тараған видеолардан министрдің адамдарға өз құқы туралы айтып жатқанын байқауға болады.

Еске сала кетсек, Астанадағы халықаралық әуежайда шамамен 2500 адам рейсі кешіккендіктен қалып қойды.

Жоспарланған 30 рейстің 21-і кешігіп, 8-і кейінге қалдырылды. Жағдайдың ушығуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Серіктес жаңалықтары