Көп жыл бойы аула сыпырған жұмысшыға полицейлер тосын сый жасады

7 желтоқсан 2023 13:11 / Новости Казахстана

Павлодар облысының полицейлері жылдар бойы департаменттің ауласын сыпырумен айналысқан жұмысшының туған күніне орай тосын сый жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл 69 жасқа толған Төлеген есімді азамат Ресейде туып-өскен.

Кейіннен Қазақстанға анасының жанына көшіп келген.

Бірнеше жыл бұрын анасы өмірден озған туған күн иесі ұзақ жылдар бойы Павлодар облысы Полиция департаментінің аула тазалығына жауап береді.

Полицейлер биылғы туған күнінде тосын сый жасап, ғимарат ауласының тазалығы үшін алғыс білдірді.

«Біз оны туған күнімен құттықтап, тосын сый жасаймыз деп шешім қабылдадық. Ұжым атаны еңбекқорлығы үшін жақсы көреді және құрметтейді. Ол ешқашан өзі туралы ештеңе айтпайды», дейді ведомство өкілдері.

Полицейлерден мұндай сый күтпеген аула сыпырушы ата көзіне жас алып қалды.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары