Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды – Қасым-Жомарт Тоқаев

9 қыркүйек 2024 0:26 / Новости Казахстана
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми түрде ашты. «Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттердің басшыларына зор ризашылығымды білдіремін. Мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғыс айтамын. Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы Дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми аша отырып, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Серіктес жаңалықтары