Мәдениет министрлігі «Қазақфильмге» қатысты мәлімдеме жасады

2 тамыз 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: Almaty tv

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты «Қазақфильмнің» бұдан былайғы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды», — деп таратылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен кеткені туралы айтылған. 

Серіктес жаңалықтары