Мал санын көбейтіп көрсеткен әкімдер жазаланды

30 қараша 2023 11:00 / Новости Казахстана

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды (ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі), - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі жариялады.

Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған.

Нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген Жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастады.

Серіктес жаңалықтары