Маңғыстауда тамақтан уланған балалар дәрігердің жіті бақылауында

8 қыркүйек 2024 11:23 / Новости Казахстана
Фото: freepik

Мұнайлы ауданындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде оқушылардың улану жағдайы бойынша жедел штабтың жұмысы жүріп жатыр. Дәрігерлер оқушылардың жағдайын толық бақылауда ұстап отыр. 7 қыркүйек күні сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша 141 бала медициналық көмекке жүгінді. 82 бала емханада ем қабылдап жатыр. 43 бала үй жағдайында бақылауда. 16 бала ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазір облыс бойынша жедел-жәрдем бригадасы қызметінің мамандары толық құрамда қызмет көрсетіп жатыр. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оқушылардың жаппай астан улану дерегі Мунайлы ауданында тіркелді. 6 қыркүйек күні кештен бастап №8 мектептің 21 оқушысы жедел жәрдем шақырған. Балалардың бәрінің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Соған байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, астан уланған бала саны 141 болды.

Серіктес жаңалықтары