Маңғыстаудағы «Жалғызтөбемұнай» компаниясына айыппұл салынды

20 тамыз 2024 17:00 / Новости Казахстана

Маңғыстауда экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген «Жалғызтөбемұнай» ЖШС-не айыппұл салынды. Осылайша, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1 қаңтары мен 11 қаңтары аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай мен ілеспе газ өндірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Салынған айыппұл мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары