Мас еркек бөтеннің көлігін жолаушысымен бірге айдап кеткен

7 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана

Көкшетауда мас тұрғын көлікті жолаушысымен заңсыз айдап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады.

BMW автокөлігі Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінің тұрағынан ұрланған. Оның иесі осы уақытта дәмханада болған, оның досы көлікте ұйықтап жатқан.

2 қараша күні таныстарымен бірге Астанадан облыс орталығына келеді. Кешке дәмханаға бармақ болып, көлігін автотұрақта қалдырады. Ал көлікте досы ұйықтап қалған. Көлік иесі ұйықтап жатқан досы тоңып қалмас үшін, көлігін іске қосып, кілтін көлікте қалдырған.

Ұйқыда жатқан досы көліктің әйнегі сынған уақытта бірақ оянып, болған оқиға туралы полицияға хабарлайды.

Полиция болған жайды тексере келет күдіктіні анықтайды. Ол сол кафеге келушілердің бірі болып шықты.

Қала тұрғынының айтуынша, оқиға кезінде ол мас болған және біреудің көлігінде қалай болғаны есінде жоқ. Ол сондай-ақ қатты соққыдан есін жиып қайда екенін түсінбей, көліктен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

«Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қазіргі уақытта мұқият тергеу жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары