Мас күйінде рульге отырған тағы бір әкім ұсталды

20 ақпан 2024 13:00 / Новости Казахстана

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған тағы бір әкім сот үкімімен 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Зеренді аудандық сотында Викторовка ауылдық округі әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі). Ер адамға алкогольдік ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін айып тағылды.

«Сотта ер адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен, өзін түсіндіруі және мойындауымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары