Мас күзетші оқушы қызды зорламақ болған

2 қараша 2023 17:32 / Новости Казахстана

Алматы облысының Қарасу ауылында мектеп күзетшісі мас күйінде  6 сынып оқушысын зорламақ болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күзетші 15 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

«Білім беру ұйымының басшысы жұмыстан босатылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұндай фактілер тіркелген кезде балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері дереу оқиға орнына барады және тергеуге қатысады, сондай-ақ іс комитеттің тұрақты бақылауында болады. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі», - деді Ғани Бейсембаев.

Серіктес жаңалықтары