Мас өзбекстандықтар көлікпен жол апатына түсті

16 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысында екі өзбекстандық азамат автокөлікті айдап кетіп, мас күйінде жол апатына түсті, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 13 қараша күні түнде болды.

Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Passat көлігін тоқтатады. Жүргізуші талапқа бағынбай, тізгінге ие бола алмай, көшеде бір үйдің қақпасына түйіскенде ғана ұсталды.

Көлікте 1996 жылғы өзбекстандық екі азамат болған. Еекеуі де орта дәрежеде мас екені анықталды.

Құқық бұзушылардың автокөлікті айдап әкеткені және ол көліктің Бәйтерек ауданының 1978 жылғы тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

ҚР ҚК 200-бабы 2-бөлігіне (айдап кету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары