Мектеп жабдықтарын алуға 510 мың баланың ата-анасына ақша аударылады

21 тамыз 2024 14:23 / Новости Казахстана
Фото: cool-readers.ru

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал топтағы балаларға қаржылай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтарын, кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Министрлік мәліметінше, бүгінге дейін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылған.

 

Серіктес жаңалықтары