Мемлекет басшысы Ресей Президентінің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды

25 желтоқсан 2023 17:49 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр», - деп жазды Ақордадан.

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.

Серіктес жаңалықтары