Мемлекет басшысы СПЕКА саммитіне қатысу үшін Бакуге барды

24 қараша 2023 8:10 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Arbat.media

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Беларусь Республикасына барды.

Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті Александр Лукашенко қарсы алды.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төраға болатын болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясында сөз сөйледі.

Серіктес жаңалықтары